ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Лионель Месси АҚШ-та басшылық қызметке ұсыныс алды

Әйгілі аргентиналық шабуылшы Лионель Месси жақын арада "Интер Майамимен" келісімін ұзартып, АҚШ-тағы мансабын жалғастырады.

Лионель Месси АҚШ-та басшылық қызметке ұсыныс алды
sportico.com

2028 жылға дейін келісім жасалады

Marca басылымының хабарлауынша, жаңа келісімшарт 2028 жылға дейін есептелген. Алайда 38 жастағы футболшы өзінің кәсіби мансабын қалаған уақытта аяқтай алады.

Бұл келісім Мессидің мансабындағы соңғы кезең болуы мүмкін. Бірақ ол футболдан кейін де “Интер Майамимен” байланысын үзбейді.

Месси клубта лауазым алады

MLS өкілдері Лионель Месси мансабын аяқтағаннан кейін оған клубтың басқару құрылымында жұмыс ұсынуға дайын. Бұл шешім футболшының тәжірибесін әрі беделін тиімді пайдалануға бағытталған.

Месси 2025 жылғы маусымда “Интер Майами” сапында барлық турнирлерде 23 ойынға қатысып, 19 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.