"Реал" жұлдызы АПЛ клубының ұсынысын қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

"Ливерпуль" мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Родриго Гоэстің агенттерімен келіссөздер жүргізіп, ойыншының жеке келісімшарт шарттары бойынша мәмілеге келді.

"Реал" жұлдызы АПЛ клубының ұсынысын қабылдады
stavkinasport.com

Родриго "Ливерпульмен" келісімге келді

24 жастағы бразилиялық футболшы АПЛ-дың алпауыт клубынан түскен ұсынысты қабылдады. Осыған дейін Родригоға "Тоттенхэм" қызығушылық танытып жатқаны да айтылған еді.

Өткен маусымдағы статистикасы

2024/25 жылғы маусымда Родриго барлық турнирлерде 54 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіш оны Еуропаның үздік жас шабуылшылары қатарына қосады.

Қазі ойыншының "Реалдағы" келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Алайда Transfermarkt мәліметінше, футболшының нарықтағы құны €90 миллион шамасында бағаланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір