Лига кубогының екінші кезеңіндегі кездесу күтпеген оқиғалар мен драмаға толы болды. "Интер Майами" мен Мексиканың "Некакса" арасындағы матчта аргентиналық жұлдыз Лионель Месси жарақат алып, ойынның басында алаңнан кетті.
Ойынның 11-минутында Лионель Месси жарақат алып, мәжбүрлі түрде алаңнан кетті. Бұл "Интер Майами" жанкүйерлері үшін ауыр соққы болды. Араға алты минут салып, команданың тағы бір ойыншысы — Максимилиано Фалькон тікелей қызыл қағаз алып, команда алаңда он ойыншымен қалды.
Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. "Интер Майами" сапында Теласко Сеговия мен Жорди Альба көзге түссе, "Некакса" құрамынан Томас Бадалони мен Рикардо Монреаль есепті теңестірді.
61-минутта мексикалық команда да бір ойыншысынан айырылды. Кристиан Кальдерон екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
Шешуші сәт — пенальти сериясында өтті. Бұл жерде "Интер Майами" 5:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Кубок жолындағы келесі матчта Мессидің командасы мексикалық "УНАМ Пумаспен" кездеседі. Ал "Некакса" америкалық "Орландо Ситиге" қарсы ойнайды.