Қазақстандық миллиардерге тиесілі клуб "Тоттенхэммен" сенсациядан кейін жеңілді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Ағылшын футболының үшінші дивизионында жаңа маусым басталды. "Уиком Уондерерс" алғашқы турында сүрінді. 

"Уиком" сырт алаңда ұтылды: матчта үш гол соғылды

Англия чемпионатының 1-турында "Уиком Уондерерс" сырт алаңда "Брэдфорд Ситиге" 1:2 есебімен жол берді.

6-минутта алаң иелері сапында Энтони Сарчевич есеп ашса, 13-минутта Бобби Поинтон таразы басын еселеді. Қонақтар сапынан жалғыз голды 68-минутта Дэниел Удо соқты.

Клуб иесі — Қазақстаннан шыққан миллиардер

Еске салайық, "Уиком Уондерерс" клубының иесі — қазақстандық кәсіпкер Михаил Ломтадзе. 2024 жылдың мамыр айында ол ағылшын клубының бақылау пакетін сатып алып, ресми түрде иелік ететінін мәлімдеген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір