Бүгін "Қайрат" пен "Астананың" плей-оффтағы қарсыластары анықталады
4 тамыз күні қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін маңызды сәт болады. "Қайрат" пен "Астананың" еурокубоктардағы келесі қарсыластары анықталады. Плей-офф кезеңінің жеребесі UEFA-ның ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.
"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы жолы
Алматылық "Қайрат" 15:00-де басталатын UEFA Чемпиондар Лигасының плей-офф жеребесінде өз қарсыласын біледі. Команда биылғы маусымды сенімді түрде бастап, екі қарсыласынан айқын басым түсті:
- 1-раунд: Словенияның "Олимпия" клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңді;
- 2-раунд: Финляндияның КуПС командасын 3:2 есебімен ұтты.
- Енді 3-раундта "Қайратқа" Словакияның тәжірибелі "Слован" клубы қарсы тұрады.
Жеребенің ресми трансляциясы UEFA сайтында немесе онымен әріптес платформаларда қолжетімді болады.
"Астана" Конференция лигасында бақ сынайды
Сағат 17:00-де UEFA Конференция Лигасының жеребесі басталады. Бұл турнирде ел намысын жалғыз "Астана" қорғайды.
Елордалықтар еурокубоктық маусымды 2-раундтан бастап, Молдованың "Зимбру" клубын 3:1 есебімен тізе бүктірді. 3-раундта "Астана" Швейцарияның "Лозанна" командасымен күш сынасады.