Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Барселона" қақпашысының санкцияға ұшырау қаупі бар

Редактор Penalty.kz
05.08.2025, 15:55

"Барселона" қақпашысы Марк-Андре тер Штегенге клуб тарапынан тәртіптік шара қолданылуы ықтимал. 

euro-football.ru
euro-football.ru

Тер Штеген – клубпен кикілжіңде

Жақында арқа тұсынан операция жасатқан 33 жастағы қақпашы Ла Лиганың медициналық комиссиясына арналған клубтық есепке қол қоюдан бас тартқан. Испаниялық басылымдардың мәліметінше, тер Штеген медициналық құжатқа қол қоймай, жарақатының ауырлығын ресми түрде жасырған. Бұл әрекеті клуб басшылығына ұнамаған. “Барселона” өз заңгерлеріне жүгініп, қақпашыға қатысты ішкі тергеу бастады.

Егер тер Штегеннің жарақатынан айығуы ұзаққа созылса, онда клуб “Эспаньолдан” келген жаңа қақпашы Жоан Гарсияны ресми түрде тіркей алады.

Бас бапкермен де келіспеушілік бар

Бұған дейін тер Штеген мен бас бапкер Ханс-Дитер Флик арасындағы келіспеушілік жайлы ақпарат тараған. Тіпті, Флик неміс голкиперіне негізгі құрамда ойнайтынына кепілдік бермеген. Бұл жағдай Маркты ашуландырған деседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір