Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Магомед Адиев қазақстандық шабуылшыны "Крылья Советов" клубында көргісі келеді

Редактор Penalty.kz
07.08.2025, 11:00

Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері, қазір "Крылья Советов" тізгінін ұстаған Магомед Адиев өзінің бұрынғы шәкірті — 23 жастағы қазақстандық вингер Максим Самородовты командасына алғысы келеді. Бұл туралы ол "РБ Спорт" тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. 

matchtv.ru
matchtv.ru

"Егер мүмкіндік болса – тартуға тырысамын" 

Адиев Самородовпен 2022–2024 жылдары Қазақстан құрамасында, ал 2024 жылы "Ахмат" клубында бірге жұмыс істеген. Қазір Максим Грозный клубында өнер көрсетеді. Ал 2025 жылдың 6 тамызында "Ахматтың" тізгінін тағы бір экс-бапкер — Станислав Черчесов ұстады.

"Самородов — ерекше стильдегі футболшы, техникалық арсеналы мықты. Қазір біз оны шорт-листке қоспадық. Бірақ егер бір күні онымен қайта жұмыс істеуге мүмкіндік туса — мен оны үлкен қуанышпен қабылдаймын", — деді Адиев.

Трансфер мүмкін бе?

Адиев Самородовтың "Крылья Советовке" ауысуы нақты жоспар емес екенін айтып өтті. 

Клуб трансферге қаржы жұмсауға дайын емес – команда тек еркін агенттермен немесе жалға берілетін футболшылармен жұмыс істеп жүр.

Самородовпен бұл тақырып талқыланбаған – дегенмен олардың жеке байланыстары өте жақын: "Менің ағам оған Грозныйда көмектеседі. Ол менің ата-анамды біледі. Бірақ ауысу туралы сөйлескен жоқпыз", — деді бапкер.

"Ахмат" футболшыдан бас тартатын жағдай болса — трансферге жол ашылады. Барлығы алдағы жарты жылда өзгеруі мүмкін", — дейді Магомед Адиев.

Самородов пен клубтар жайлы деректер

Максим Самородов 2024 жылдың тамызында "Ақтөбе" клубынан "Ахматқа" ауысып, 2028 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырған.

Transfermarkt дерегі бойынша, оның нарықтық құны — 2,5 миллион еуро.

РПЛ-2025/26 маусымында "Крылья Советов" үш турдан кейін 7 ұпаймен екінші орында, ал "Ахмат" әзірге 0 ұпаймен 13-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір