Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ямаль өзінен 7 жас үлкен әншімен көңіл жарастырды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
07.08.2025, 14:33

Ламин Ямаль мен аргентиналық әнші Ники Николь арасындағы роман әлеуметтік желіні шулатты. 17 жастағы «Барселона» ойыншысы әйгілі әншімен бірге байқалып, жанкүйерлер арасында жаңа қызу талқы туғызды.

Vesti.kz
Vesti.kz

Футбол әлемінің басты вундеркинді Ламин Ямаль жеке өмірімен тағы да жанкүйерлер назарын өзіне аударды. Еуро-2024 турнирінен кейін ол бұрынғы сүйіктісімен қош айтысып, жаңа махаббат хикаясына кіріскені жайлы ақпарат тарады. Бұл жолы испаниялық жас жұлдыздың жүрегін 24 жастағы аргентиналық әнші Ники Николь жаулаған сыңайлы.

Фото: ua.tribuna.com

Жаңа жұп: Ямаль мен Николь

Танымал испан журналисі Хави де Хойостың айтуынша, Ламин мен Ники бір шарадан кейін бірге шығып, түнгі төртте жағажайда сүйісіп тұрғаны байқалған. Ресми растау болмаса да, журналист сенімді дереккөзге сілтеме жасап отыр.

Фото: latingrammy.com

Айта кетейік, Ники Николь — Аргентинада ғана емес, Испанияда да танымал әнші. Оның 2018 жылдан бері жарыққа шыққан туындылары арасында ең танымалы — Mamichula атты сингл. Бұл ән Аргентина мен Испания чарттарында бірінші орын алған.

Бұған дейінгі романдар

Бұған дейін БАҚ Ламин Ямальды 30 жастағы модель Фати Васкеспен байланыстырған болатын. Бірақ футболшы бұл ақпаратты жоққа шығарып, олар жай ғана достар екенін айтқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір