
"Манчестер Ситидің" қорғаушысы Абдукодир Хусанов клуб жанкүйерлерінің жүрегін жаулап үлгерді.
Жақында өткен ашық жаттығу барысында Хусанов жанкүйерлермен белсенді қарым-қатынас орнатып, олардың әрқайсысына уақыт бөлді. Видео кадрлардан футболшының жымиып, автограф таратып, бірге суретке түскенін көруге болады.
Өзбекстан құрамасының ойыншысы ешбір өтінішті кері қайтармай, жанкүйерлердің бәріне қолтаңба мен есте қалар сәттер сыйлады. Көпшілік Хусановпен тілдескен соң көңілді күйде тарқап, естелік ретінде фото және қолтаңба алып қайтты.
Айта кетейік, Абдукодир Хусановтың "Ланс"(Франция) клубынан "Манчестер Ситиге" ауысуы биылғы жылдың қаңтарында жүзеге асты. Сол уақыттан бері жас қорғаушы 10 матчқа қатысып, 1 гол соқты.
Оның келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды.