Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ақтөбе" жаңа бас бапкерін таңдады — команданы болгариялық маман басқармақ

Сарапшы, спорт журналисі
13.08.2025, 10:00

62 жастағы Николай Костов "қызыл-ақтарды" тізгіндейді. 

qfl.kz
qfl.kz

Ресми дерек

Болгариядан келген 62 жастағы тәжірибелі бапкер Николай Костов "Ақтөбенің" жаңа бас бапкері атанады. Бұл туралы Legalbet.kz сайтына Ақтөбе облысы әкімдігіндегі дереккөз хабарлады.

Костовпен негізгі келісім жасалып қойған. Қазір ол Қазақстанға жол тартып жатыр және алдағы күндері ресми түрде "қызыл-ақ" команданы қабылдап алмақ.

Бұрынғы бапкердің кетуі

10 тамыз күні клубтың баспасөз қызметі Вячеслав Левчуктың бас бапкер қызметінен кеткенін жариялады.

54 жастағы беларус маман мамыр айында украиналық Игорь Леоновтың орнына келген. Левчуктың тұсында "Ақтөбе" 15 матч өткізіп, 5 рет жеңіске жетті. Екі рет тең түсті және 8 мәрте жеңілді.

"Ақтөбенің" қазіргі жағдайы

ҚПЛ-2025 турнирінің 20 турында "Ақтөбе" 33 ұпаймен төртінші орында тұр. Команда көшбасшы "Қайраттан" 10 ұпайға қалып келеді. 

Костовтың бұрынғы тәжірибесі

Николай Костов қазақстандық жанкүйерлерге таныс маман. Ол 2018–2019 жылдары Қарағандының "Шахтері" мен 2022 жылы "Каспийді" жаттықтырған. Соңғы маусымда өз елінде "Левски" тізгінін ұстады, ал 2024 жылдың мамыр айынан бері жұмыссыз болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір