
Футболдан Қазақстан чемпионатының ІІ дивизионындағы "Ақтөбе-2" – "Жетісу" матчы кезінде күтпеген жағдай тіркелді.
Комментаторлардың бірі микрофонды өшіруді ұмытып, әріптесіне ашу үстінде:
"Саған бұл матчтың тым ұзаққа созылғаны байқалмай ма?" – деп қалды.
Өз сөзінің тікелей эфирге кеткенін түсінген комментатор ыңғайсыз сәтті жасыра алмай, тағы бір бейәдеп сөз айтып жіберді. Бұл жағдай көрермендер арасында қызу талқыланып, әлеуметтік желілерде таралып кетті.
Айта кетейік, бұл – алғашқы жағдай емес. Бұған дейін ҚПЛ-дағы "Ордабасы" – "Ақтөбе" кездесуінде комментатор хоккеймен салыстыруға тырысқан еді. Бірақ "клюшка" деудің орнына абайсызда мүлдем басқа, орынсыз сөз айтып қойған.