«Қайраттың» қос ойыншысы Беларусь құрамасына шақыртылды
Алматының «Қайрат» клубының екі ойыншысы бірден ұлттық құрамаға шақырылды.
Қорғаушы Александр Мартынович пен жартылай қорғаушы Валерий Громыко алдағы матчтарда Беларусь құрамасының намысын қорғайды.
Беларусь футболшылары қыркүйек айында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде маңызды ойындарға шығады:
- 5 қыркүйек – Грекияға қарсы матч;
- 8 қыркүйек – Шотландияға қарсы кездесу.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.