Қазақстандық олигархтар төрт клубты жекешелендіріп алады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру процесі қарқын ала бастады.

Қазақстандық олигархтар төрт клубты жекешелендіріп алады
habr.com

Алғашқы жекешелендіру толқыны басталды

1Bol.kz хабарлауынша, алғашқы төрт клубтың жаңа иелері белгілі болды: 

  • «Шахтёр» (Қарағанды) – Freedom Holding Corp иесі, миллиардер Тимур Турловқа өтеді;
  • «Жеңіс» (Астана) – Kaspi.kz акционері әрі басқарма төрағасы Михаил Ломтадзеге беріледі;
  • «Қызылжар» (Петропавл) – энергетика мен химия өнеркәсібіндегі кәсіпкер Сергей Канның қарамағына өтпек;
  • «Қайсар» (Қызылорда) – жергілікті жас кәсіпкер, құрылыс саласының өкілі Исламғали Қозбақовқа сеніп тапсырылады.

«Қайсар» жобасы – жаңа футбол академиясы

Қызылордалық кәсіпкер Исламғали Қозбақов «Қайсар» клубын басқару аясында шамамен 12 млрд теңге инвестиция құйып, заманауи футбол академиясын салуды жоспарлап отыр. Бұл аймақтық футболдың дамуына жаңа серпін беруі мүмкін.

Бизнесмендердің капиталы

Михаил Ломтадзе – 3,9 млрд АҚШ доллары (Kaspi.kz);

Тимур Турлов – 7,6 млрд АҚШ доллары (Freedom Holding Corp);

Сергей Кан – 222 млн АҚШ доллары (энергетика, қаржы, химия өнеркәсібі);

Исламғали Қозбақов – Қызылордадағы TAU Group Ltd құрылыс компаниясының басшысы, бірақ оның нақты қаржы көлемі жайлы ашық дерек жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір