Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Танымал ресейлік футболшының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:22

Төбелеске қатысқаны үшін түрмеге қамалуы мүмкін. 

Football-Fun-Live.com
Football-Fun-Live.com

Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Фёдор Смолов төбелеске қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 35 жастағы футболшыға нақты түрме жазасы да қаупі төніп тұр.

"RT на русском" хабарлауынша, қылмыстық іс зардап шеккен адамның медициналық қорытындысынан кейін қозғалған. Дәрігерлер жәбірленушінің төменгі жақ сүйегі сынғанын және көз ұясының қабырғасы зақымданғанын анықтаған.

Даудың басы қашан басталды?

Жанжал биыл 28 мамыр күні таңғы сағат 07:30-да Мәскеудің орталығында орналасқан «Кофемания» мейрамханасында болған. Оқиғаның бейнежазбасы 5 шілдеге қараған түні интернетке тарап кетті.

Фото: rsport.ria.ru

Куәгерлердің сөзінше, Смолов екі азаматпен сөзге келіп қалғаннан кейін әрқайсысына соққы жұмсауға тырысқан. Бұл – кезінде Кокорин мен Мамаев мемлекеттік қызметкерді орындықпен ұрып, бүкіл Ресейді шулатқан сол мекеме екені де назардан тыс қалған жоқ.

Қазіргі жағдай

Фёдор Смолов өткен маусымда алғаш рет Ресей чемпионы атанды. Ол "Краснодарға" тарихи триумфке қол жеткізуге көмектескен. Дегенмен маусым аяқталған соң клубпен қош айтысып, қазір еркін агент мәртебесінде жүр.

Құқық қорғау органдары қылмыстық істі ресми түрде тіркеп, футболшыға қатысты тергеу амалдарын бастап кетті.

Айта кетейік

Егер сот шешімі қатаң болса, футболшының үлкен футболға қайта оралуы күмән тудырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір