
Англияның «Манчестер Сити» клубы Хосеп Гвардиоланы жұмыстан қууға қатысты басты шартты атады. Испан бапкері үшін шешуші фактор – Чемпиондар лигасындағы көрсеткіш.
«Сити» басшылығы Гвардиоланы жұмыстан қууы мүмкін. Оған клубтың еурокубоктағы нәтижесі негізгі себеп болады. Бұл туралы испаниялық Don Balon басылымы хабарлады.
Манчестерлік команда Гвардионы аңызға айналған тұлға ретінде бағаласа да, оның клубтағы мансабы аяқталуға жақын деген пікірде. Егер команда Чемпиондар лигасында сүрінсе, Гвардиола отставкаға кетіп, клуб жаңа жобаны басқа бапкермен бастамақ.
«Ситидің» ең үлкен проблемаларының бірі – Родридің жарақаты. Негізгі ойыншысыз команда тұрақтылығын жоғалтып отыр. Бұл әсіресе еурокубоктың плей-офф кезеңі қарсаңында қауіпті. Бұған қоса, Англия Премьер-лигасында да жағдай оңай емес: «Ливерпуль» биыл мықты бәсеке көрсетіп, чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі атанып отыр.
Гвардиола үшін биылғы маусым – соңғы сын. Бас бапкердің «Этихадтағы» тағдыры кем дегенде ширек финалға шығумен байланысты. Егер команда ертерек сүрінсе, бұл оның «Ситидегі» дәуірінің аяқталғанын білдіруі мүкін.