Qazaqstan телеарнасы көрермендерден кешірім сұрады

Сарапшы, спорт журналисі

Кеше көптеген көрермен «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчын сайттан көре алмай, шағымдарын білдірген еді.

Qazaqstan телеарнасы көрермендерден кешірім сұрады
Сүрет: ашық дереккөздерден

Осы орайда мемлекеттік арна арнайы жазба жариялады.

«Құрметті көрермен!

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчының трансляциясы барысында техникалық ақаулар туындап, көрерменге ойынның онлайн көрсетілімін толық көрсету мүмкіндігі болмады. Корпорация матчқа дейін толықтай техникалық дайындық шараларын жүргізді. Серверлердің қуаттылығы әдеттегіден үш есе көбейтіліп, бейне ағынын жеткізу қызметі оңтайландырылды. Алайда, матч басталған сәттен туындаған мәселені жедел шешуге тырысқанымызбен, интернет желісіндегі сыртқы қиындықтарға байланысты ақауларды толықтай ретке келтіру мүмкін болмады. 

Қазіргі таңда мәселеге қатысты кешенді техникалық талдау жүргізілуде.  

Туындаған қолайсыздықтар үшін көрерменнен кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчы 0:5 есебімен аяқталды.

Енді алматылық команда келесі ойынын 21 қазан күні Кипр чемпионы «Пафосқа» қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір