
Естеріңізге салсақ, "Қайрат" әйгілі итальяндық стадионда өнер көрсетеді.
“Джузеппе Меаццада” өтетін ойын алтыншы қарашаға жоспарланған.
Футбол – тек ойын ғана емес, ол халықтың мәдениетінің, қоғамдағы қолжетімділіктің бір көрінісі. Ал билет бағасы мен жалақы деңгейін салыстыру арқылы әр елдегі жанкүйердің жағдайын анық байқауға болады.
6 қараша күні әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында өтетін матчтың билеттері былайша бөлінеді:
Орталық секторлар:
Орташа айлық жалақы Италияда 1 570 000 теңге шамасында. Осыған қарап отырсақ, тіпті ең қымбат орталық сектордың өзі айлық табыстың 2–3%-ын ғана құрайды. Бұл – италиялық жанкүйер үшін қалыпты сома.
Қазақстанда өткен жылы «Реалға» қарсы өткен матчта билет бағасы:
30 мың теңгеден бастап 250 мың теңгеге дейін сатылды.
Бұдан бөлек, көптеген билеттерді алыпсатарлар (перекуптар) сатып алып, халыққа екі есе қымбатқа қайта ұсынды. Тіпті, ойын күні “Орталық” стадионының алдында билеттерді 8 миллион теңгеден сатқандар да болды.
Ал еліміздегі шынайы орташа жалақы шамамен 100 мың теңге екенін ескерсек, матчқа бару қарапайым жанкүйер үшін айлық табысының үштен бірін, тіпті бірнеше есесін жұмсауды талап етеді.
Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында алматылық «Қайрат» мадридтік «Реалдан» 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Килиан Мбаппе хет-трик жасап, Браим Диас пен Эдуардо Камавинга бір-бір голдан соқты.
Алматылықтар топтық кезеңде енді Кипрдің «Пафос», Италияның «Интер», Данияның «Копенгаген», Грекияның «Олимпиакос», Бельгияның «Брюгге» және Англияның «Арсенал» клубтарымен кездеседі. Бұл – «Қайратты» үлкен сынақтар күтіп тұрғанын көрсетеді.