"Қайрат" келер жылы жаңа брендпен келісімшартқа отырмақ
Алматылық клубтың Joma брендімен арадағы келісім шарты биыл аяқталады.
“Қайрат” жаңа спорттық серіктесін табу барысында бас қатырмайтын болыпты. «Сары-қаралар» алдағы уақытта өзіндік брендті қалыптастырып, оны көпшілік қауым алдында жарыққа шығармақ ниетте.
Жалпы “Қайрат” испаниялық Joma брендімен 2022 жылы келісімге отырған. Содан бері әйгілі спорттық серіктес алматылық команданы түгелдей экипировкамен қамтамасыз етіп отырды.
Қазірде компания “Вильярреал” (Испания), “Хетафе” (Испания), “Аталанта” (Италия), “Торино” (Италия), “Хоффенхайм” (Германия), “Норвич Сити” (Англия), “Андерлехт” командаларының ресми серіктесі болып табылады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.