Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Астанада жаңа футбол академиясы бой көтереді

Сарапшы, спорт журналисі
02.10.2025, 19:11

Жаңа нысан Қазақстан футболының болашақ жұлдыздарын тәрбиелейтін орталық болмақ. Аумағы 8 гектар жерді алады. 

Астанада жаңа футбол академиясы бой көтереді
Inbusiness.kz

Елордада футбол тарихындағы ірі жобалардың бірі жүзеге аспақ. Бұл туралы Aidyn Kozhakhmet телеграм-арнасында хабарланды. Оған сай, жергілікті әкімдік арнайы жер телімін бөліп үлгерген. Академия құрылысы 2026 жылдан басталмақ. 

Жоба аясында 8 гектар жерге жаңа оқу-жаттығу базасы бой көтереді. Бұл жерде елордалық «Жеңіс» клубының инфрақұрылымы да орналасады.

Жерді көру үшін бүгін нысанға қала әкімінің орынбасары, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы және танымал кәсіпкер Михаил Ломтадзе арнайы барды.

Неге бұл маңызды?

Бұл жоба Қазақстан футболының даму стратегиясындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Академия тек кәсіби клубтарға ғана емес, жастар футболын дамытуға, балаларды халықаралық деңгейде тәрбиелеуге бағытталады.

Жоспар үлкен, ниет айқын. Бұл академия астана ғана емес, қазақстандық футболдың жаңа орталығына айналуы ғажап емес. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер футболының болашағына бағытталған маңызды жоба іске қосылды. Талғарда ФИФА-ның тікелей қатысуымен жаңа академияның құрылысы басталатыны хабарланған болатын. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір