
Зинедин Зидан бапкерлікке оралу жайлы пікір білдірді.
Футбол тарихындағы ең атақты мамандардың бірі, мадридтік «Реалдың» бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан өз мансабына қайта оралу мүмкіндігі туралы пікірін ортаға салды.
«Команданың өз бапкері бар, оны құрметтеу қажет. Мен әрқашан футболға және адамдарға сыйластықпен қарадым. Қазір бұл тақырыпқа қолайлы уақыт емес. Бірақ сәті түссе, мұндай мүмкіндікке қуана келісемін. Менің мансабымда үзіліс болды, дегенмен өзімді толыққанды бапкер сезінемін», – деді Зидан.
Қазір «Манчестер Юнайтедтің» тізгінін ұстап отырған Рубен Аморим «Брентфордтан» 1:3 есебімен ұтылғаннан кейін қысымға ұшырап отыр. Соған қарамастан Manchester Evening News дерегінше, клуб басшылығы оған әлі сенім білдіруде. Бірақ нәтиже төмендей берсе, резервтегі бапкерлер тізімі дайын: Гарет Саутгейт, Андони Ираола және Оливер Гласнер.
Бұл тізімде Зинедин Зидан есімі де қайтадан атала бастады. Француз маманы 2021 жылы «Реалдан» кеткеннен бері бірнеше рет «Юнайтедке» ықтимал үміткер ретінде қарастырылған.
Зидан мадридтік «Реалды» баптаған 320 матчта 200-ден астам жеңіске жеткізген. Оның ең үлкен табыстарының қатарында:
Зиданның есімі Франция құрамасының болашақ бапкерлерінің қатарында да жиі аталады. 2026 жылы Дидье Дешам қызметінен кеткен соң, оның орнына келуі ықтимал нұсқалардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Өзі болса, кез келген сәтте футболға қайта оралуға дайын екенін ашық мәлімдеді.