Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Чип орнатылған: ӘЧ-2026 добы таныстырылды

Сарапшы, спорт журналисі

Adidas жасаған доп ерекше дизайнымен, ұлттық символикаларымен және Connected Ball жүйесімен ерекшеленеді. 

Чип орнатылған: ӘЧ-2026 добы таныстырылды
rsport.ria.ru

FIFA ұйымы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатының ресми добын таныстырды. Adidas компаниясы жасаған бұл доп Trionda деп аталады. Таң қаларлығы сол, ол футбол тарихындағы ең инновациялық және стильді доптардың бірі ретінде саналып отыр. 

Adidas компаниясы арнайы жасап шығарған доп төрт панельден ғана құралған. Бұл — әлем чемпионаты тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. 

Trionda атауы испан тілінен аударғанда «үш толқын» деген мағына береді. Сонымен қатар АҚШ, Канада мен Мексика арасындағы бірлікті бейнелейді.

  • Геометриясы толқынға ұқсас, терең тігістері мен рельефті қабаты доптың ұшуын тұрақтандырады.
  • Жаңбырлы ауа райында да сапасын жоғалтпайды, бұл ойыншылар үшін үлкен артықшылық.
  • Панельдердің ортасындағы үшбұрыштар — үш мемлекеттің символы.
  • Дизайнда Канаданың үйеңкі жапырағы, Мексиканың қыраны, АҚШ-тың жұлдызы бейнеленген. Ал алтын түс — чемпиондық кубоктың айқын белгісі.

Төрешілерге арналған ЖИ көмекшісі

Trionda-ға Connected Ball технологиясы орнатылған. Бұл жүйе алғаш рет 2022 жылғы Қатардағы ӘЧ-де қолданылған болатын.

Жаңа чип:

  • офсайдтарды анықтайды,
  • сызық қиылысын бақылайды,
  • ойыншының допқа нақты жанасуын тіркейді.

Осының арқасында төрешілер даулы сәттерде жылдам әрі әділ шешім қабылдай алады.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты алдағы жылы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір