Ресми: Павлодарлық "Ертіс" біраз жыл салып ҚПЛ-ға оралды

Сарапшы, спорт журналисі

Естеріңізге салсақ, павлодарлық ұжым Қазақстанның бес дүркін чемпиондары.

Ресми: Павлодарлық "Ертіс" біраз жыл салып ҚПЛ-ға оралды
Сүрет: ашық дереккөздерден

Павлодардың "Ертіс" клубы 2026 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында ойнайды.

Команда бірінші лиганың элиталық дивизионына шығуын өз алаңындағы "Хан-Тәңірі" клубына қарсы 7:1 есебімен жеңіске жеткеннен кейін қамтамасыз етті. Бұл ойында "Ертістің" голдарын Асқар Сатышев, Тамерлан Ағиманов, Арман Кенесов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Арман Смаилов, Владимир Воменко және Руслан Есимов соқты.

Осы жеңістің арқасында павлодарлықтар 57 ұпай жинап, чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда-ақ КПЛ жолдамасын кепілдендіріп алды. Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласының "Каспий" клубы да Премьер-лигаға жолдама алған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір