
Өзбекстан футбол федерациясы тәртіп бұзғаны үшін жазаланды.
Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы мундиальға жолдама алғанымен қуаныш ұзаққа созылмады. Өзбекстан футбол қауымдастығы тәртіптік және ұйымдастырушылық ережелерді бұзғаны үшін ірі көлемдегі айыппұлға тартылды.
БАҚ мәліметінше, Азия футбол конфедерациясы (АФК) Өзбекстан футбол қауымдастығын 340 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салған.
Себеп — Қатарға қарсы өткен әлем чемпионатының іріктеу ойынынан кейін өзбек тарапының АФК-дан рұқсат алмай тұрып, құраманың марапаттау рәсімін өткізуі және ойыннан кейінгі баспасөз конференциясын ұйымдастырмағаны.