Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Талғат Байсұфинов: Әлиевті командада қалдыруды өзім сұрадым

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсұфинов Лихтенштейнмен ойын алдындағы ахуал жайлы ашық айтты. Ол команданың жағдайын, жарақат алған ойыншыларды және Әлиевті неге штабта қалдырғанын түсіндірді. 

Талғат Байсұфинов: Әлиевті командада қалдыруды өзім сұрадым
penalty.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсұфинов Лихтенштейнге қарсы матч қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізіп, ұлттық құраманың дайындығы мен ішкі жағдайы туралы айтты. Бапкердің айтуынша, командада оқу-жаттығу жиыны тығыз кестемен өтіп жатыр, ал ойыншылар бар күшін салуға әзір.

«29 қыркүйек күні бізде жағдай болды. Әрине, бұл біздің ұлттық құрамамыз. Қалай енді отказ бересіңдер? 30-ы күні команда қонақ үйге жинала бастады. Бірінші қазанда жаттығу басталды. Біріншіден, мен үлкен құрметпен бәрін достықпен қабылдадым. Әлиев командамен бұрыннан бірге жұмыс істеп келеді. Циклды, принциптерді біледі. Біз команданы енді ғана жинадық, бірақ барлық тізім дайын болды», — деді бас бапкер.

Байсуфинов атап өткендей, бұрынғы бапкер Әлиев құраманың құрылымын жақсы білетіндіктен, оны штабта қалдыру туралы өтініш жасаған. «Ол цикл басынан бері командамен бірге болды, сондықтан менде оны қайта зерттеуге уақыт болған жоқ. Сол себепті қалдыруды сұрадым, деді. 

Бас бапкер командадағы жарақат мәселесіне де тоқталды.

«Біріншіден, Дастан Сәтпаев жарақат алып отыр. Ол жас, чемпионатта ойнап жүрген, стресс жағдайында болды. Қазір үйіне қайтты, демалып жатыр. Сонымен қатар Серік Жамалов та жарақат алды. Ол да дайын емес, бірақ команда өз мүмкіндігінше жұмыс істеп жатыр», — деді Байсұфинов.

Сонымен қатар ол алғашқы күннен бастап команданың жауапкершілігі артқанын айтып өтті:

«Бірінші қадамнан бастап бүгінге дейін тоғыз күн ойынға дайындық жүріп жатыр. Әрине, дайынбыз», — деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір