Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Месси. Суарес. Неймар — футболдағы ең қауіпті трио қайта қосылуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

Бразилиялық жұлдыз АҚШ-қа қоныс аударады деген қауесет бар. 

Месси. Суарес. Неймар — футболдағы ең қауіпті трио қайта қосылуы мүмкін
Vesti.kz

Кезінде «Барселонаның» атағын аспандатқан Месси, Суарес және Неймар триосы қайта бірігуі мүмкін. 

33 жастағы Неймар мансабын АҚШ-та, нақтырақ айтқанда Мессидің клубы — «Интер Майамиде» жалғастыруға дайын екен. Егер бұл трансфер жүзеге асса, футболдағы ең үлкен камбэктердің бірі болары сөзсіз.

Бір кездері бұл үштік үш маусымда 364 гол соғып, 173 нәтижелі пас берген еді.

Неймар үшін соңғы мүмкіндік пе?

Соңғы жылдары жарақаттар мен тұрақсыздық Неймарды жиі тоқтатты. 2017 жылдан бері ол 200-ден астам матчқа қатыспады. Бразилиялық жұлдыз соңғы жылдары ПСЖ-дан Сауд Арабиясына, одан кейін туған клубы «Сантосқа» оралғанымен, ойыны жүрмеді. 

Сондықтан оның Месси мен Суареспен қайта қауышуы — мансапты жаңа деңгейге көтерудің соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір