Тимур Турловтың "Шахтері" түксіз қалды. "Алтай" Премьер-лигада!
Өскеменнің «Алтай» футбол клубы өз алаңында «Академия Оңтүстікті» 4:1 есебімен жеңіп, Бірінші лиганың үздік үштігіне енді. Осылайша, келесі маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында ойнау құқығын иеленді.
2025 жылғы Бірінші лиганың соңғы туры Өскеменде өтті. Бұл ойын – маусымның ең драмаға толы болды. Себебі дәл осы матчта соңғы Премьер-Лига жолдамасы сарапқа салынды. «Алтай» жеңілмеу керек-тін.
Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ өскемендіктер ойын тізгінін өз қолына алды. 8-минутта Сейф Попов қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп ашты.
Екінші таймда Артем Тетерин баспен соғып, артықшылықты еселеді. Артынша Гаврил Кан және Ибрагим Дадаев те өз мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті 4:0-ге жеткізді.
Қонақтар сапынан тек Біржан Тоқтыбай ғана жауап беріп, 78-минутта есеп айырмасын қысқартты – 4:1, ойынның түпкі нәтижесі осылай тіркелді.
«Алтай» — ҚПЛ-да!
Бұл жеңістің арқасында «Алтай» 55 ұпай жинап, Бірінші лига кестесінде 3-орынға табан тіреді. Осылайша, клуб бірнеше жылдан кейін Қазақстан Премьер-Лигасына қайта оралады.
ҚПЛ-2026 маусымында енді үш жаңа команда өнер көрсетеді:
- «Алтай» (Өскемен)
- «Каспий» (Ақтау)
- «Ертіс» (Павлодар)
Ал «Шахтер» (Қарағанды) мен оның иесі Турловтың командасы шешуші турда ұпай жоғалтып, элитаға қайта оралу мүмкіндігін соңғы сәтте қолдан шығарып алды.
Матч нәтижесі
Қазақстан. Бірінші лига. 26-тур
«Алтай» — «Академия Оңтүстік» — 4:1
Голдар:
- 8’ Попов (1:0)
- 49’ Тетерин (2:0)
- 61’ Кан (3:0)
- 74’ Дадаев (4:0)
- 78’ Тоқтыбай (4:1)