ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Қазақстандық клубқа техникалық жеңіліс берілді

ҚФФ Бақылау-тәртіптік және этикалық комитеті Бірінші лиганың 26-турындағы «Шахтер» мен «Түркістан» арасындағы матч бойынша шешім шығарды. 

Қазақстандық клубқа техникалық жеңіліс берілді
instagram/@shakhterfc

Кәсіпқой клубтар арасындағы жарыстар дирекциясы аталған ойынға байланысты комитетке ресми хат жолдаған.

20 қазанда «Түркістан» ФК да өз тарапынан хат жібергенімен белгіленген күні алаңға шықпады. Бұл әрекет Бірінші лига регламентінің 6.39-тармағын бұзу болып саналады.

Осыған байланысты Бақылау-тәртіптік және этикалық комитет төмендегі шешімді қабылдады:

— «Түркістан» клубына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс тіркелсін.

Осылайша «Шахтер» командасына жеңіс ресми түрде жазылды.

Комитет мүшелері шешімді бірауыздан қолдап, ол ресми күшіне енді.

Бұл туралы не ойлайсыз?