Бұл Анкудиновтың Испания еліндегі екінші соққан голы.
Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов Испания чемпионатының бесінші дивизионы (Терсера) аясындағы сегізінші турда өткен «Сеута» резервтік командасы мен «Дос Эрманас» арасындағы матчта өз командасына жеңіс әкелді.
Ойын Сеута қаласында өтіп, алаң иелерінің минималды есебімен – 1:0 есебінде жеңісімен аяқталды. Жеңіс голын Анкудинов қосымша уақытта — 90+2 минутта соқты.
Бұл жеңістің арқасында «Сеутаның» резервтік командасы Терсера турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді — қазір олардың қоржынында 13 ұпай бар. Ал «Дос Эрманас» сегіз матчтан кейін 7 ұпай жинап, 13-орында тұр. Келесі турда «Сеута» сырт алаңда небәрі 4 ұпайы бар және 17-орында орналасқан «Утрерамен» кездеседі.