Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

Әзірге бұл тізімге 38 футболшы кірді.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
ҚФФ

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Бельгиямен (15 қараша) өтетін матч және 18 қарашада Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуге шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Арсен Әшірбек («Оқжетпес»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі — «Ордабасы»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Ян Вороговский («Астана»), Әлібек Қасым, Талғат Құсяпов, Бағдат Қайыров (бәрі — «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан Әли Пайруз, Алмас Төлеубай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі — «Елімай»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Ерсұлтан Қалдықбеков («Қайсар»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де — «Жеңіс»), Серікжан Мұжықов, Дәурен Жұмат (екеуі де — «Оқжетпес»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо», Ресей);

Шабуылшылар: Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев, Оралхан Өміртаев (екеуі де — «Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Қайсар»).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Бельгиямен (15 қарашада) ойнайды, ал 18 қарашада Фарер аралдарында жолдастық матч өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір