ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Еурокубокта ел намысын қорғайтын ұжымдар белгілі болды

УЕФА рейтингіне сәйкес келесі жылы бір клуб Чемпиондар лигасында ойнаса, қалған үшеуі Конференция лигасында өнер көрсетеді.

Еурокубокта ел намысын қорғайтын ұжымдар белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Өткен маусымның қорытындысына сәйкес, келесі маусымда Еурокубоктарда Қазақстанды төрт футбол клубы таныстырады.

Чемпиондар лигасы

Ел чемпионы атанған алматылық «Қайрат» өз жорықтарын Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңінен бастайды.

Конференциялар лигасы

Қалған үш команда УЕФА Конференциялар лигасында өнер көрсетеді:

  • «Астана» турнирді 2-іріктеу кезеңінен бастайды;
  • Қостанайдың «Тобылы» өз жолын 1-іріктеу кезеңінен бастайды;
  • Семейдің «Елімайы» да 1-іріктеу кезеңінде додаға қосылады.

Осылайша, келесі маусымда Еуропа клубтық турнирлерінде Қазақстанды төрт команда — «Қайрат», «Астана», «Тобыл» және «Елімай» — ел намысын қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?