Бірақ нақты шешім әлі қабылданбады.
TheChelseaChronicle.com сайты алматылық «Қайрат» сапында ойнап жүрген жас қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «ақсүйектер» құрамында қай позицияны жаба алатынын болжады.
Сәтпаевтың «Челсиге» толыққанды ауысуы 2026 жылдың тамыз айында, яғни ойыншы 18 жасқа толғанда жүзеге аспақ.
"Сәтпаев аяқталған маусымда гол мен пас тұрғысынан керемет бастам көрсетіп, жергілікті чемпионатты жалпы 26 нәтижелі әрекетпен аяқтады."
Жас шабуылшы өз командасының тарихтағы алғашқы рет Чемпиондар лигасына шығуына да маңызды үлес қосты, клубқа “Реал“ мен “Арсеналға“ қарсы аңызға айналған кездесулерді сыйлады.
"Сәтпаевты алдағы екі жыл ішінде Николас Джексонның мұрагері ретінде қарастырып отыр, өйткені „Челси“ сенегалдық форвардтың орнын басатын тұрақты шешім іздеуді жалғастыруда*, — деп жазылған мақалада.