«Ордабасы» бапкерімен не болды? Клуб басшылығы шешімін жария етті
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы молдовалық маман Андрей Мартинмен жұмысын жалғастырады.
Молдовалық бапкер орнында қалады. Бұл турадлы «Серый Cardinal» Telegram-арнасы жазады.
Дереккөз мәліметінше:
«Алдын ала ақпарат бойынша, “Ордабасы” клубының бас бапкері Андрей Мартин келесі маусымда да Шымкентте жұмысын жалғастырады», — деп жазылған хабарламада.
51 жастағы Андрей Мартин «Ордабасының» тізгінін 2024 жылдың соңында ұстаған болатын. Бұған дейін ол өз еліндегі «Петрокуб» командасын жаттықтырған.
Оның жетекшілігімен шымкенттік клуб КПЛ-2025 маусымын жетінші орында аяқтады. Сонымен қатар, команда Қазақстан кубогының финалында жеңіліс тауып, Лига Конференциясының бірінші іріктеу кезеңінде жарыстан шығып қалды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.