Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Қайрат» Алматыны тастап, Чемпиондар лигасын Астанада өткізеді

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қалған екі үй кездесуін елордада өткізетін болды.

«Қайрат» Алматыны тастап, Чемпиондар лигасын Астанада өткізеді
sportarena.kz

Матчтар елордада өтеді

Бұл туралы Goal.kz жазады. 29 қазан күні «Қайрат» клубының өкілдері Астанаға келіп, MTEX Management компаниясымен келіссөз жүргізді. Бұл ұйым — елорданың ірі спорттық және мәдени нысандарын басқаратын құрылым.

Кездесуде басты тақырып ретінде «Астана Арена» стадионын жалға алу мәселесі талқыланды. Клуб енді Чемпиондар лигасындағы екі маңызды ойынын дәл осы аренада өткізеді:

  • 9 желтоқсан 2025 жыл — «Қайрат» vs «Олимпиакос» (Грекия)
  • 20 қаңтар 2026 жыл — «Қайрат» vs «Брюгге» (Бельгия)

Дереккөз мәліметінше, тараптар сәтті келісімге келген.

Бұған дейін Алматыда ойнаған

Турнирдің алғашқы екі үй кездесуін «Қайрат» Алматыдағы «Орталық» стадионда өткізген болатын:

  • «Реал» — 0:5
  • «Пафос» — 0:0

Үш турдан кейін Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері жалпы кезеңнің турнир кестесінде 34-орында, еншісінде — 1 ұпай.

2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Қайрат» Қазақстан чемпионы атанды. Осылайша, команда 2026/27 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығын иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір