Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақ миллиардерінің клубы АПЛ командасына қарсы мінез көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпкер, миллиардер Михаил Ломтадзеге тиесілі «Уиком Уондерерс» Англия Кубогының 1/8 финалында сенсациялық ойын көрсетті.

«Фулхэммен» тартысты матч

Ломтадзе иелік ететін клуб өз алаңында АПЛ өкілі «Фулхэммен» кездесіп, негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсті, ал пенальти сериясында 4:5 есебімен жеңілді.

Ойынның басы қарқынды өтті. Алаң иелері 4-минутта Кали Вудроудың соққысымен есеп ашты. Бірақ екінші таймның басында 48-минутта Джош Кинг таразы басын теңестіріп, матчты қосымша кезеңге жеткізді.
Бәсеке пенальтиге ұласып, онда қонақтар сәл дәлірек соғып, келесі кезеңге өтті.

Ломтадзенің жобасы

Айта кетейік, қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» клубының 90% акциясына ие. Ол 2024 жылдың мамыр айында ағылшын командасының бақылау пакетін сатып алған болатын.

«Уиком» қазір Чемпионшипте (Англияның екінші дивизионы) ойнап жүр және алдағы маусымдарда АПЛ-ға шығуды басты мақсат етіп қойған. Клубтың дамуы мен инфрақұрылымын жаңғыртуға Ломтадзе айтарлықтай қаржы құйып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір