Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Ақтөбе» ашуға мінді: клуб жалған ақпарат таратқандарға үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі

ҚПЛ маусымы аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілерде тараған түрлі қауесеттерге байланысты «Ақтөбе» ФК ресми түрде түсініктеме жариялады.

«Ақтөбе» ашуға мінді: клуб жалған ақпарат таратқандарға үн қатты
instagram/@fcaktobe_official

«Ақтөбе» баспасөз қызметі Instagram парақшасында келесідей ресми хабарлама таратты:

«Маусым аяқталған соң әлеуметтік желілерде клубқа қатысты түрлі қауесет пен жалған ақпарат тарай бастады. Қазір кейбір парақшалар мен пабликтерде футболшылардың келісімшарт мерзімдері, келесі маусымдағы бюджет және трансферлер жайлы жалған мәліметтер жарияланып жатыр.

“Ақтөбе” футбол клубы ресми түрде мәлімдейді: аталған ақпараттардың ешқайсысы шындыққа жанаспайды.

Біз жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін тек ресми дереккөздерге сенуге және клубтың беделіне нұқсан келтіретін жалған хабарларды таратпауға шақырамыз».

Ағымдағы маусым қорытындысы бойынша «Ақтөбе» 43 ұпай жинап, ҚПЛ турнир кестесінде бесінші орынға тұрақтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір