13 және 17 қараша күндері футболшылар Словакия және Молдоваға қарсы ойнайды.
Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында Словакия және Молдоваға қарсы ойын өткізеді. Осыған байланысты U-21 құрамасының аға жаттықтырушысының міндетін атқарушы Андрей Ферапонтов аталған матчтарға шақырылған футболшылар тізімін жариялады.
Кеңейтілген тізімге ел ішінде және шетелде өнер көрсетіп жүрген 28 футболшы енді. Команда оқу-жаттығу жиынын қарашаның 2-сінде Астанада бастайды.
Үш турдан кейін Қазақстан жастар құрамасы 3 ұпаймен өз тобында төменгі қатарда тұр. Соңғы матчта команда күтпеген жерден Андоррадан 0:1 есебімен жеңіліп, жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырады. Айта кетейік, екі ойын 13 және 17 қараша күндері өтеді.