Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Карабах" ойыншылары Чемпиондар лигасында "Атлетикке" жеңілгені үшін айыппұл төлейтін болды

Сарапшы, спорт журналисі

Әзірбайжандық клубтың бас бапкері осындай шешім арқылы ойыншыларды тәрбиелемекші.

"Карабах" ойыншылары Чемпиондар лигасында "Атлетикке" жеңілгені үшін айыппұл төлейтін болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Агдамдық «Қарабах» клубының бас бапкері Гурбан Гурбанов команда ойыншыларына айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам оның Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турында тіркелген нәтижеге көңілі толмағанынан кейін жасалды.

Испанияда өткен матчта «Карабах» Бильбаоның «Атлетигінен» 1:3 есебімен ұтылды. Бұл — азербайжандық клубтың биылғы турнирдегі алғашқы жеңілісі. Бұған дейін команда «Бенфиканы» (3:2) және «Копенгагенді» (2:0) тізе бүктіріп, екі турда қатарынан жеңіске жеткен еді.

Гурбановты нәтиженің өзі емес, ойыншылардың жігерсіз ойыны мен бапкерлік нұсқауларды орындамауы қынжылтқан. Сол себепті ол команда мүшелерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұйғарып, айыппұлды қазан айындағы еңбекақы қорынан ұстап қалуды тапсырды.

Айыппұлдың сомасы аз емес. Бапкердің айтуынша, бұл шешім жазалау емес, ойыншылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған тәрбие шарасы болмақ.

Қазір «Қарабах» үш турдан кейін 6 ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде 13-орында келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір