"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасын сәтті бастады

Сарапшы, спорт журналисі

"Қайраттың" негізгі көшбасшысы Біржан Оразов бұл ойында дубль жасады.

Алматының әйгілі футзал клубы «Қайрат» жаңа маусымдағы 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін жеңіспен бастады.

Алғашқы қарсылас – Хорватияның «Ново Вриеме» командасы болды. Макарска қаласында өткен тартысты ойында қазақстандықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Алматылықтардың сапында Рамазан Оразов дубль жасап, негізгі қаһарман атанса, тағы бір голды Эдсон соқты. Қарсылас құрамынан Хьюго Вах пен Леннон көзге түсті.

Бұл жеңіс «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жаңа науқанды сенімді бастағанын көрсетті. Ендігі матчта ел чемпионы 30 қазан күні сағат 21:00-де Португалияның атақты «Спортинг» клубына қарсы алаңға шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір