Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Қайсардың» жаңа иесі күтпеген шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

Қызылорданың басты футбол бренді — «Қайсар» футбол клубы жаңа кезеңге аяқ басты. Команданың иесі ауысып, клуб ірі кәсіпкер, олигарх Исламғали Қозбақовтың иелігіне өтті.

«Қайсардың» жаңа иесі күтпеген шешім қабылдады
instagram/@fckaysar_official

Клуб жекеменшікке өтті

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қазақстандық клубтарды жекешелендіру процесі басталған болатын. Соның нәтижесінде «Қайсар» ресми түрде жеке меншікке өтті.

Жаңа иесі Исламғали Қозбақов клубты жаңа даму кезеңіне шығаруды мақсат етіп отыр, алайда алғашқы шешімі спорт қауымын таңғалдырды.

«Бас бапкер Виктор Кумыков, команда құрамында легионерлерсіз Премьер-лигада орнын сақтап қалғанына қарамастан, жаңа иесінің жоспарында жоқ. Сондықтан екі дүркін Қазақстан чемпионы жаңа жұмыс іздеуге мәжбүр болуы мүмкін», — деп жазады Aladop.kz.

Жаңа бапкер кім болады?

БАҚ мәліметінше, Қызылорданың «қасқырлары» қазір Қазақстанның жастар құрамасының (U21) жаттықтырушысы Андрей Ферапонтовпен келіссөз жүргізіп жатыр. 50 жастағы маман екі қызметті қатар атқара алатынын жасырмайды. Егер келісім жүзеге асса, ол бір уақытта ұлттық жастар командасы мен «Қайсарды» баптауы мүмкін.

Сонымен қатар, қызылордалық клубтың спорт директоры болған Мақсат Байжановтың да қызметінен кететіні белгілі болды.
Оның орнын кім басатыны әзірге хабарланған жоқ.

Маусым қорытындысы бойынша «Қайсар» 22 ұпай жинап, КПЛ турнирлік кестесінде 11-орын иеленді. Команда Премьер-лигада орнын сақтап қалғанымен, алдағы маусымда клубтың құрылымы мен бағыты түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір