Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Футбол нарығында ең сұранысқа ие елдер аталды

Сарапшы, спорт журналисі

Әлемдік футбол трансфер нарығында соңғы он жылда ең көп табыс тапқан елдер белгілі болды. Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) ұсынған мәліметке сәйкес Францияның футбол жүйесі өз шәкірттерін сату арқылы 3,976 миллиард еуро пайда көрген.

Футбол нарығында ең сұранысқа ие елдер аталды
matchtv.ru

Франция – футбол экспортының көшбасшысы

Франциялық клубтар соңғы он жылда өз академияларынан түлеп ұшқан ойыншыларды Еуропаның жетекші лигаларына сатып, рекордтық табысқа жетті. Бұл көрсеткіш Францияны әлемдегі ең табысты футбол «экспортеріне» айналдырды.

CIES дерегінше, алғашқы үштікте:

  1. Франция — 3,976 млрд еуро,
  2. Бразилия — 2,604 млрд еуро,
  3. Испания — 2,242 млрд еуро.

Футбол талантының ондық рейтингі

Осы онжылдықта өз ойыншыларын сәтті экспорттап жүрген алғашқы он елдің тізімі төмендегідей:

  1. Франция — 3,976 млрд еуро
  2. Бразилия — 2,604 млрд еуро
  3. Испания — 2,242 млрд еуро
  4. Португалия — 1,987 млрд еуро
  5. Нидерланд — 1,633 млрд еуро
  6. Англия — 1,601 млрд еуро
  7. Аргентина — 1,555 млрд еуро
  8. Германия — 1,483 млрд еуро
  9. Италия — 1,044 млрд еуро
  10. Бельгия — 847 млн еуро

Посткеңестік кеңістіктегі көшбасшы — Украина

Посткеңестік елдер арасында ең жоғары көрсеткішке Украина қол жеткізген. Бұл ел 339 миллион еуро көлемінде табыс тауып, рейтингте 15-орыннан көрінді.

CIES зерттеуінде атап өтілгендей, қазақстандық ойыншылардың шетел нарығындағы сұранысы әлі де төмен. Дегенмен биыл ерекше жаңалық — Дастан Сәтпаевтың маусым басында Лондонның “Челси” клубына ауысуы отандық футбол үшін тарихи трансфер болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір