Италияның әйгілі клубы жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды. Команданың баспасөз қызметінің мәліметінше, туриндіктер Лучано Спаллеттимен келісімшартқа қол қойды.
66 жастағы бапкердің келісімшарты 2026 жылдың ортасына дейін есептелген. Клуб Спаллеттиді жылы қабылдап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі. Ол бұл лауазымда хорватиялық Игор Тудордың орнын басты. Тудор «Ювентуста» бар болғаны жеті ай жұмыс істеген еді.
Айта кетейік, Лучано Спаллетти соңғы бес ай бойы бапкерлік қызмет атқармаған. Бұған дейін ол Италия құрамасын жаттықтырған, алайда ұлттық құрамадан кеткен соң үзіліс алған болатын.
Футбол сарапшыларының пікірінше, Спаллеттидің «Ювентуске» келуі клуб үшін жаңа кезеңнің бастауы болуы мүмкін.
Қазір туриндік клуб А сериясы чемпионатында сегізінші орында тұр. Команда көш бастап келе жатқан «Наполиден» алты ұпайға қалып келеді.
Ал УЕФА Чемпиондар лигасында «Ювентус» екі ұпаймен 25-орында орналасқан.