Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

УЕФА еурокубок финалын өткізуге Қазақстанды үміткер деп таңдады

Сарапшы, спорт журналисі

УЕФА (Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы) 2028 және 2029 жылдары өтетін клубтық турнирлердің финалдарын өткізуге арналған өтінімдерді қабылдағанын хабарлады.

УЕФА еурокубок финалын өткізуге Қазақстанды үміткер деп таңдады
sputnik.by

Финал өткізуге өтініштер қабылдады

Ұйымның ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, 15 ұлттық федерация өз елінде Чемпиондар лигасының, Еуропа лигасының, Конференция лигасының және әйелдер Чемпиондар лигасының финалдарын өткізуге қызығушылық танытқан.

УЕФА дерегінше, 2028 жылғы Конференция лигасының иналын өткізуге өтініш берген елдердің қатарына мыналар енген:

  • Франция (Лилль, «Пьер Моруа» стадионы)
  • Венгрия (Будапешт, «Пушкаш Арена»)
  • Италия (Турин, «Ювентус Стэдиум»)
  • Польша (Гданьск, «Арена Гданьск»)
  • Қазақстан

Қазақстан атынан екі қала қарастырылып отыр:

  • Астана («Астана Арена»)
  • Алматы («Алматы Арена»)

Қай қала мен стадион ресми үміткер болатыны ресми өтініш беру кезінде нақты анықталады.

УЕФА шешім қабылдау мерзімін жариялады

УЕФА атап өткендей, қазіргі кезеңде берілген өтініштер міндетті сипатта емес. Толық құжаттар пакеті мен ресми ұсыныстар 2026 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір