Алматының «Қайрат» ФК Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі келесі ойынына аттанды. Команда Италияның Милан қаласында өтетін матчта жергілікті «Интермен» кездеседі.
Клубтың баспасөз қызметі ұшар алдындағы видеоны әлеуметтік желілерде жариялады. Онда ойыншылар мен бапкерлердің сапарға дайындық сәттері көрсетілген.
“Жолға шықтық! Алға, Қайрат!” – делінген жазбада.
Көптен күткен кездесу 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні, Астана уақытымен 01:00-де басталады. Бұл ойын «Қайрат» үшін топтық кезеңдегі тағдырлы матчтардың бірі болмақ.
Үш кездесуден кейін алматылықтар бір ұпаймен шектеліп отыр. Команда бұл нәтижені өз алаңында Кипрдің «Пафосымен» (0:0) тең түскен ойында еншілеген. Бұған дейін шәкірттер Рафаэль Оразбахтиннің басшылығымен «Спортингтен» (1:4) және «Реалдан» (0:5) жеңіліп қалған болатын.
Қазір «Қайрат» жалпы турнир кестесінде 34-орында, ал қарсылас «Интер» 9 ұпаймен үздік үштіктің қатарында келеді.