ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

«Астана» Айдын Рақымбаевтың меншігіне өте ме?

Бүгін танымал кәсіпкер басқаратын құрылыс компаниясы елордалық клубтың академиясын салатыны туралы ақпар тараған болатын. 

«Астана» Айдын Рақымбаевтың меншігіне өте ме?
Inbusiness.kz

BI Group компаниясы басшысы Айдын Рақымбаев “Астана” клубын өз меншігіне алуы мүмкін. Бұл туралы goalkz_official инстаграм-парақшасы хабарлады. 

Бүгін БАҚ беттерінде BI Group «Астана» футбол клубының академиясы мен жаттығу базасын салатыны туралы ақпарат тараған болатын.  

Академия заманауи инфрақұрылыммен жабдықталады, ал жас футболшыларға оқу мен дайындықтың барлық жағдайы жасалады.

Айта кетейік, соңғы жылдары мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда бірнеше футбол клубы жекешелендіру процесінен өтті. «Астана» да сол тізімге қосылуы ықтимал.

Forbes тізіміндегі бизнесмен

Айдын Рақымбаев — Қазақстандағы ең табысты кәсіпкерлердің бірі. Forbes Kazakhstan дерегі бойынша ол елдің ең бай 10 азаматының қатарына кіреді. Байлығы 967 миллион долларға бағаланады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Астана 3-орын