Қақпасын Қалмырза қорғаған «Қайрат» миландықтардан ірі есеппен ұтылды
Алматының «Қайрат» U-19 командасы УЕФА жасөспірімдер лигасының топтық кезеңіндегі төртінші ойында Италияның «Интерінен» 3:0 есебімен жеңілді.
Миландықтардан 21-минутта Маттиас Москонни пенальтиден есеп ашты. Үзіліске дейін алаң иелері Дилан Саратенің арқасында екінші доп соқты. Ал 54-минутта Джамал Иддриссу нәтижені түйіндеді.
«Қайрат» сапында қақпаны 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғады. Ол бұған дейін алматылықтардың негізгі құрамында Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен.
Бұл «Қайрат» U-19 үшін төртінші қатарынан жеңіліс болды. Бұған дейінгі матчтарда команда төмендегідей нәтижелер көрсетті:
- «Пафос» (Кипр) — 1:3
- «Реал» (Испания) — 1:4
- «Спортинг» (Португалия) — 2:3
Осылайша «Қайрат» әзірге турнирдің жалпы кезеңінде ұпай жинай алмай отыр.
Алматылық жастар командасы келесі кездесулерін төмендегідей өткізеді:
26 қараша — «Копенгаген» (Дания)
9 желтоқсан — «Олимпиакос» (Грекия)