Қызылордалық клуб команданы күшейту үшін «Астана» қорғаушысы Александр Марочкинді алуды қарастырып жатыр. Тәжірибелі футболшы бұрын бұл клубта ойнаған.
«Қайсар» бұрынғы ойыншысын өз қатарына қоспақ. Offside.kz дерегінше, қызылордалық клуб Александр Марочкинді қысқы трансфер терезесінде өз сапына қосуды жоспарлап отыр.
«Қайсар» қазіргі таңда жаңа маусымға дайындықты бастап кеткен. Команда жеке меншік басқаруға өткеннен кейін, қорғанысты күшейту бағытында тәжірибелі футболшыларға басымдық беріп отыр.
Александр Марочкин — бұл талапқа сай келетін ең қолайлы нұсқалардың бірі. Ол Қазақстан футболындағы ең тәжірибелі орталық қорғаушылардың бірі.
Қазіргі таңда ол «Астана» сапында өнер көрсетеді, бірақ оның клубпен келісімшарты 2025 жылдың желтоқсанына дейін ғана жарамды.
Айта кетейік, футболшы ретіндегі мансабында Марочкин «Қайсар», «Тобыл», «Оқжетпес» және «Астана» клубтарында ойнаған. «Астанада» өнер көрсеткен уақытында Марочкин барлық турнирлерде 71 матч өткізіп, 3 гол соққан.