Ағылшын Премьер-лигасының 11-туры аясында «Арсенал» сырт алаңда «Сандерлендпен» тең түсті.
Сандерлендте өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Лондон клубының сапында Букайо Сака мен Леандро Троссард гол соқты. Ал алаң иелері құрамында Брайан Бробби мен Даниэль Баллард мергендік танытты.
Осылайша 26-шы ұпайына қол жеткізген «зеңбірекшілер» турнир кестесінде көш басында қала береді. Ал еншісінде 19 үпайы бар «қара мысықтар» үшінші сатыға орнықты.
Келесі турда Микель Артета шәкірттері «Тоттенхэмді» қабылдаса, «Сандерленд» «Фулхэмге» қонаққа барады.
Естеріңізге салсақ, "Арсенал" Чемпиондар лигасында Қазақстан чемпионы "Қайратқа" қарсы ойын өткізеді. Матч келесі жылы, 26-шы қаңтарда "Эмирейтс" стадионында өтеді.
Қазіргі таңда 4 турдан кейін "Арсенал" 12 ұпаймен жалпы кезеңде көш бастап тұрса, алматылық ұжым 1 ұпаймен 34-ші орында келеді.