Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Ақтөбе» ФК билет сатылымынан тапқан табысы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Премьер-лигасындағы «Ақтөбе» ФК 2025 жылғы маусымда билет сатылымынан 300 миллион теңге табыс тапқан. 

«Ақтөбе» ФК билет сатылымынан тапқан табысы белгілі болды
Instagram/@fcaktobe_official

Қаржылық көрсеткіштер жарияланды

Көрсетілген сомаға өз алаңындағы барлық кездесулерден түскен табыс кіреді. Оның ішінде еурокубок матчтарындағы кірістер де бар. Оны «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы жазды. 

«Еурокубоктардан “қызыл-ақтар” шамамен 700 мың еуро пайда тапқан. Бұл қаражат клубтың ресми есеп-шоттарына түсті», — делінген хабарламада.

Маусымдағы нәтиже

2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында «Ақтөбе» турнир кестесінде бесінші орынмен маусымды аяқтады. Команда жанкүйерлер алдында жоғары көрсеткішке қол жеткізе алмаса да, клубтың коммерциялық табысы ел футболындағы ең жоғары нәтижелердің бірі болды.

«Ақтөбе» маусымды Еуропа Лигасында бастап, алғашқы іріктеу кезеңінде Польшаның “Легия” командасына (екі матч қорытындысы — 0:2) жол берді.

Кейін команда Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Чехияның “Спарта” клубымен кездесіп, жалпы есепте 2:5 есебімен жеңілді.

Дегенмен клуб еурокубоктан түскен табыстың арқасында қаржылық тұрғыдан сәтті маусым өткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір