Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Винисиус Холандтың кесірінен "Реалдан" кетуі мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

Мадрид клуб Мбаппе мен Холандтан тұратын жұлдызды дуэт құруды жоспарлап отыр. 

Винисиус Холандтың кесірінен "Реалдан" кетуі мүмкін
sportilinet.kz

Мадридтің «Реалы» футбол әлемін дүр сілкіндіретін жаңа трансфер жоспарын дайындап жатыр. Корольдік клуб Эрлинг Холанд пен Килиан Мбаппенің бір командада ойнағанын қалайды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін тіпті Винисиус Жуниорды сатуға дайын.

Испаниялық El Gol Digital порталының хабарлауынша, «Реал Мадрид» қайтадан «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандқа қызығушылық танытып отыр. Норвегиялық сұрмерген айналасындағы адамдарға Испанияға көшу нұсқасын қарастырып жатқанын да айтқан.

Алайда бұл жерде маңызды бір деталь бар: Холанд Винисиус Жуниормен бір командада ойнауға қарсы. Сондықтан мадридтік клуб басшылығы бразилиялық вингерді сатудың ықтималдығын қарастырып жатыр.

Винисиус — клубтағы ең даулы тұлға

Соңғы айларда Винисиус формасынан жоғалтып, алаң мен оның сыртындағы да жанжалдарға жиі қатысып жүр. Бірде төрешілермен айқайласса, енді бірде қарсыластармен текетіреске түсіп, «Реалдың» беделіне нұқсан келтіріп жүр.

«Реал Мадрид» бірнеше жылдан бері Холандты команда сапында көруді армандап келеді. Клуб бұл ойыншыға 2020 жылдан бері қызығушылық танытып жүр. Бірақ ол «Манчестер Ситиді» таңдады. 

Енді мадридтіктердің мақсаты — Мбаппе мен Холандтан тұратын жаңа "галактикалық дуэт" құру. Мұндай жұп қазіргі футбол тарихындағы ең мықты және ең қымбат шабуыл шебін құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір