51 жастағы Қатар өкілі бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне арнайы барып, бірқатар ресми кездесу өткізеді деген қауесет бар.
Францияның әйгілі «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубының президенті Нассер Әл-Хелайфи Астанаға келді. AmanVibe телеграм арнасының мәліметінше, 51 жастағы Қатар өкілі бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне арнайы барады.
Сапардың мақсаты нақты айтылмағанымен, сарапшылардың пікірінше, бұл футбол саласындағы ықтимал серіктестік пен инвестициялық байланыстарды талқылауға бағытталуы мүмкін.
Нассер Әл-Хелайфи — әлем спортының ең ықпалды менеджерлерінің бірі. Ол қазіргі таңда:
Айта кетейік, Әл-Хелайфи 1993–2004 жылдар аралығында кәсіби теннисші ретінде өнер көрсеткен.